Main

Registration

Login


Logged in as Гость | Group "Гости"Welcome Гость | RSS

Site menu
Our poll
Как вам наша социальная сеть?
Total of answers: 267
RANDOM PHOTOS


Main » Multimedia » Kazakh Music

Ulytau conquering Europe!
[ ] 04.07.2009, 12:26
http://www.aikyn.kz/site.php?lan=kaz&id=205&pub=24339
«Ұлытау» Германияға қоныс аударады
Алматыда өз елімізде ғана емес, Батыс мемлекеттеріне де жақсы танымал «Ұлытау» тобы шығармашылық есеп береді. Белгілі топ келесі айдың басында Еуропаға қоныс аудармақ. Осы сапар алдында өнер ұжымы өз тыңдармандары алдында концерт қойып, ел-жұрттың ақ батасын алмақ. Оған қоса, соңғы уақытта атқарған жұмыстарын көпшілік назарына ұсынып, төрт бірдей клиптің тұсауын кеспек. Сондай-ақ Қыдырәлі Болманов жылт еткен жаңалығы мен әрбір еңбегінің жемісін жұртшылыққа жеткізіп, халықпен екі ортада алтын көпірге айналып жүрген журналистер қауымын кәсіби мерекелерімен арнайы құттықтап, көңілдерін көтеруді көздеп отыр. Кешке белді басылымдардың бас редакторлары мен қызметкерлері шақырылған.
– «Ұлытау» тобына арнап екі клип және Қарақат екеуміздің орындауымыздағы әнге тағы екі клип түсірдік. Бұйыртса, 17 шілдеде «Ұлытаудың» дискісі 15 мың данамен Германияда жарық көрмек. Сонымен қатар ел тыңдармандары үшін «Жұмыр қылыш» альбомы қайта басылып шығарылады. Тағы бір айта кетерлігі, қазір Вашингтонның орталық радиосынан топтың орындауындағы күйлер жиі эфирге таралып жатыр. Оны Америкаға барған дәстүрлі әнші Эльмира Жаңабергенова және тағы басқа кісілер күніне бірнеше мәрте өз құлағымен естіп, бізге айтып келді. Канада, Түркия, Германия, Франция, Ресей арналары клиптерімізді сұрап алды. Енді Еуропа елдерін аралап концерт қойып, сол жақта біраз уақыт жұмыс істемекпіз. Осындай қуаныштарымызбен БАҚ өкілдері арқылы халықпен бөліскіміз келеді, – дейді «Ұлытау» тобының продюсері, белгілі әнші Қыдырәлі Болманов.
Топтың өзге жаңалықтарына тоқталсақ, олар жол жүрер алдында төрт ай бойы неміс тілін үйреніпті. Осыған дейін музыканттарға ағылшын тілін меңгерткен білікті продюсер, енді неміс тілін қолға алуға ден қойыпты. Тіпті концерт соңынан олар қаншалықты меңгергенін көрсету үшін, неміс тілінде интервью бермек. Бұл өз кезегінде өзге елге барғанда, қыз-жігіттердің емін-еркін жүріп-тұруына, сондағы тұрғындармен, концертке келген қонақтармен тікелей қарым-қатынас жасауына үлкен ықпал етпек. Алыстағы мемлекеттен келген қазақ азаматтарының сол елдің тілінде сайрап тұруы топтың беделін одан сайын арттыра түспек.
Ал Алматыдағы концертке қайта оралсақ, сол күні әзірге есімі құпиялау жеткіншек «Ұлытау» тобымен Құрманғазының күйі «Адайды» ойнайды. 5-6 жасар бүлдіршін әннен шашу шашады. КВН құрама командасы кеш тізгінін өз қолына алса, Қыдырәлінің Қарақаты әнімен әлдилемек. Әнші ару композитор Бауыржан Өскінбаев пен айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваға өтініш жасап, жұбайының құрметіне арнап «Ризамын саған» атты ән жаздырыпты. Өнерлі жұп осы кеште Ермек Аманшаевтың өлеңіне жазылған Кеңес Дүйсекеевтің «Анажан» әнінің де тұсауын кеседі.
Ресми деректерге сүйенсек, халықаралық рейтинг бойынша «Ұлытау» тобының дискісі ең көп сатылған дисктердің қатарына кіреді. Бұл біздің еліміздің тарихына алтын әріптермен жазылатын алғашқы жетістік. Сондықтан бұған Үкімет тарапынан оң қабақ танытылып, қолдау көрсетілсе, нұр үстіне, нұр болмақ.

(http://www.aikyn.kz/site.php?lan=kaz&id=205&pub=24427)

Қазақтың «ұлытауы» Еуропаны «жаулауға» аттанып барады!
Бүгін Қазақстан жұртшылығы Астана халықаралық әуежайынан кәрі құрлық Еуропаны өнерімен елтітуге беттеген «Ұлытау» тобын шығарып салмақшы. Алғаш «Адай» күй-композициясымен алпауыт Американың аузын аштырып, Голливудта өткен Музыкалық орындаушылардың бүкіләлемдік чемпионатында алтын медальді жеңіп алған, анау-мынауға таңдана қоймайтын тәкаппар Батысты «апыр-ай, ә...» деп таңырқатып және сонысынан танбай келе жатқан танымал топ енді, бұйыртса, жарты әлемді түбегейлі жаулау ниетінде.
Тоғыз жасқа толғалы тұрған осынау топтың құрылғалы бергі толағай табыстары шынында, таңдай қақтырарлықтай-ақ!... Басында авторы, белгілі продюсер Қыдырәлі Болманов құрған бұл жоба бастауын сонау 2001 жылдан алғаны белгілі. Содан бері қазақтың қоңыр үнді домбырасы, скрипка және эстрадалық аспаптар үні қосылған, заманауи дыбыстар мен этномузыка синтезделген бірегей болмысты өнерді паш етіп келе жатқан ұжым өнердегі талай асқаралы асуларды алып, алыс-жақынды тегіс тәнті етіп келеді. Ендігі кезекте – жөпшендіні елегісі келмейтін Еуропа. Алайда ол да бұған дейін-ақ «Ұлытауды» мойындауға мәжбүр болды десек болар. Мәселен, топтың бұған дейінгі басты жетістігінің бірі – әлемге әйгілі «і Musіc» лейблінің өкілдері 2007 жылы тапсырған «Алтын диск» екені мәлім. Ол – жарты миллион күйтабақ сатылымына қол жеткізгендерге ғана берілетін марапат. Қазақстан мұндайды бұған дейін алып көрген жоқ-тын. Сонымен қатар ең беделді әуез-саз орталарында тарайтын «РІау» журналы содан бір жыл бұрын жария еткен рейтинг бойынша «Ұлытаудың» альбомы әлемдегі ең мықты жүз альбом ішінде алғашқы ондыққа енген болатын. Сол «РІау» журналының 2008 жылғы санында топтың сұхбаты жарық көрді, сонымен бірге үшбу басылым және оқырмандар пікірі тоғысып, «Ұлытаудың» әлемдегі ең үздік аспаптық альбом иесі ретінде 4-орынға ие болғаны жария етілді. «Ұлытау» осындай қомақты олжа салуымен-ақ тарихымызда қалар еді, бірақ ол мұнымен шектелмек емес! Ертеңгі сапар – соның тағы бір бастамасы деуге болады. Айтпақшы, «Ұлытаудың» дүниежүзіне тарайтын аса беделді халықаралық VІP-Bооk каталогына енгенін де айта кету керек.
Үлкен сапар алдында бұрнағы күні елордада фонограммасыз, «жанды» эксклюзивтік концерт берген «Ұлытау» бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнап баспасөз мәслихатын да өткізіп үлгерді. Тілшілермен Еуропаға сапардың аужайы туралы шешіле сыр бөліскен Қыдырәлі Болманов топтың жеткен жетістіктерімен қатар алдағы мақсат, жоспарларымен де таныстырды. Оның пікірінше, бұл сапардың өзі «Ұлытаудың» халықаралық мәдениет әлеміндегі беделінің бір көрсеткішіндей. Осы айдың 17-сі күні Германияда «Ұлытаудың» альбомы жарық көрмекші. Ал 18 шілдеде топ сондағы стадионда концерт береді. Одан әрі, шілденің соңына таман Румыния, Испания, Франция елдеріндегі концерт тосып тұр.
«Ұлытаудың» отандастарымыздың бойында нағыз шынайы патриотизмді оятуға қосқан үлесі өте зор» деп санайды жобаның авторы һәм продюсер-жетекшісі Қыдырәлі Болманов.
– Ендеше, мақтанышымызға айналған, маңдайымызға басқан «Ұлытауымызды» шығарып салушылар да ертең әуежайда нағыз жанкүйерліктің, шынайы отаншылдықтың үлгісін көрсетеді деп үміттенеміз. Біз сіздердің жүздеріңіз бен жанарларыңыздан, ілтипаттарыңыз бен риясыз сезімдеріңізден, тілектестіктеріңізден күш-жігер, қуат алғымыз келеді, – деді ол журналистер алдында ағынан жарыла.

Category: Kazakh Music | Added by: MadMusicologist
Views: 1271 | Downloads: 0 | Rating: 0.0/0 |
Total comments: 0
Name *:
Email:
Code *:
Login form
E-mail:
Password:
Search
Ads


Statistics

Total online: 1
Guests: 1
Users: 0
LATEST KZ NEWS
Copyright "Kazakhstan => United Kingdom" Web Community © 2012 Create a website for free